» » » ОҚУ- ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫСТАРЫ

ОҚУ- ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫСТАРЫ

 Колледж техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың күндізгі нысандарында маман даярлауды іске асырады. 

 Колледжде оқу үрдісі үлгілік оқу жоспарлары, пәндердің үлгілік бағдарламалары негізінде ұйымдастырылады және маман даярлауға қажетті  мазмұнын қамтамасыз етеді.

2020-2021 оқу жылына колледж жергілікті кәсіпорындармен, оқу орталығымен, облыстық білім басқармасымен келісім-шартқа отырып, барлық мамандықтар бойынша  дуалдық оқыту жүйесіне көшті. 

Ұсынылып отырған төмендегі мамандықтардың оқу жұмыс жоспары  модульдік-құзыреттілік әдістемесі және дуалды оқыту негізінде жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші мекемелері мамандарымен бірлесіп келісіліп жасалған. 

Атап айтсақ, 1504000- «Фермер шаруашылығы» мамандығының білім беру бағдарламасы жасалынып, жұмыс беруші  ЖШС «Шаған Жер» мекемесінің басшысымен келісіліп, бекітілді, 1211000- «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»  мамандығы ЖШС «Сымбат» басшысымен бекітілді, 1114000- Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) мамандығының білім беру бағдарламасы ЖШС «Өркен Сырдария» келісіліп, бекітілді, 0508000- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының  білім беру бағдарламасы ЖШС «Шаңырақ» басшысымен келісіліп бекітілген, 1401000- «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының білім беру бағдарламасы жасалынып, ЖШС «Сәулет» мекемесінің басшысымен келісіліп бекітілді. Бұл мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарлары   модульдік құзыреттілік негізінде ҚРБжҒМ хатына сәйкес жасалынды (№553 бұйрық 7 қосымша, 31 қазан 2017 жыл) 

Сондай-ақ,  барлық мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарына сәйкес жұмыс оқу жоспарлары «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚРБжҒМ 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына, (жаңа редакцияда – ҚРБжҒМ  22.01.2016 № 72 бұйрығына) сәйкес жасалынып, бекітілген. 

ББ құрамына жұмыс оқу жоспары, оқу үрдісінің кестесі, пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, оқу және өндірістік тәжірибенің жұмыс бағдарламалары, аралық және қорытынды аттестаттаудың бағалау құралдары енеді. 

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және үлгілік оқу бағдарламалары негізінде оқытушылардың жұмыс оқу бағдарламалары мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрастырылып бекітіледі.  

Барлық мамандықтар үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларымен, пәндердің үлгілік және жұмыс бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі мен мазмұны техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес құрылған. 

Сабақ кестесі ҚР Үкіметінің  2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» негізінде және оқу үрдісінің кестесі мен үлгілік оқу жоспарына сәйкес құрылады. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен 45 минуттік сабақтарға белгіленеді. Сабақтар кесте бойынша ұйымдастырылады. Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін 2 сабақтан кейін ұзақтығы 10 минут үзіліс беріледі. Факультатив сабақтардың кестесі жеке құрылады.  

Жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұны құзыреттілік тәсілге негізделген. Жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнында болашақ маманның өзін нақты практикалық қызметте жүзеге асыра білу қабілетіне үлкен мән беріледі.  

Жұмыс оқу жоспары мен бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны оқу материалының логикалық аяқталуынан, қызметтің мақсатты бағдарламасы мен әдістемелік ұсыныстардан, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін, яғни болашақ маманның қызметі үшін қажетті қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпараттар блогынан тұрады және білім алушылардың білім, білік және дағыларды меңгеруіне жағдай жасайды. Пәндер циклы бойынша оқу жүктемесінің мөлшері техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген мамандықтар нормативіне сәйкес келеді. 

Оқу жұмыс жоспары әрбір жаңадан қабылданған білім алушыларға және оқудың барлық кезеңіне әзірленеді, колледждің оқу-әдістемелік кеңесі отырысында қарастырылады және директормен бекітіледі. Жұмыс жоспарларының нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау жүргізіледі. Оқу жұмыс бағдарламаларын дайындаудың  осы жүйесі: 

  • мамандар даярлау мазмұнын анықтауда тиімділік, мақсаттылық, орнықтылық береді; 
  • оқу бағдарламалары ТжКБ МЖМБС және үлгілік оқу бағдарламаларына, оқытудың мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне сәйкес құрастырылғандығына кепілдік береді;
  • бағдарламаның атауына және мамандық бойынша анықталатын салада қажетті білім тереңдігі сәйкес маман даярлау аясының кеңдігін қамтамасыз етеді