» » » САПАНЫ ІШКІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ

САПАНЫ ІШКІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ


САПАНЫ ІШКІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ

Білім сапасы мен оқу-әдістемесін жақсарту бойынша жауапкершілік  колледждің әрбір қызметкеріне жүктеледі.  

Білім беру сапасын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруға ұжымның барлық мүшелері қатысады. Бұл – инженерлік-педагогикалық құрамның басты талабы.

Алынған ақпараттың нәтижесінде басқару жүйесінің қызмет бағыттарына сәйкес жоспарларын түзету бойынша шешімдер қабылдайды. 

Колледжде сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің моделі мен колледж қызметін сапалы басқару функциясы жасалынды. 

Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі барлық кезеңдерді қамтиды. Ол алты әрекеттен тұрады. Әр кезеңге сипаттама берейік.

 Біріншіден, колледжде басшылық төмендегі жұмыстарды үнемі жоспарлап, дамытып жақсартып отырады: 

- білім беру үрдісін ұйымдастырудың заманауи талаптарына сәйкес колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту;




Сызба-1. Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің моделі

- оқу тәрбие жұмыстарына инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу және дамыту;

- оқытудың сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;

- колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру.

              Екіншіден, колледж қызметін сапалы басқару тұтас жүйе, оның кезеңдері бір-бірімен ықпал етіп, байланысқандықтан, әрбір кезеңнің мақсат міндетін анықтаған жөн.

              Үшіншіден, қолледж қызметін сапалы басқаруда, мақсат міндеттерді орындауда кездесетін қиындықтардың алдын алып, оны болдырмау жағын ойластыру мүмкіндіктері бар. Себебі, мақсат пен міндеттерді орындау жолы мен шартын анықтағанда сапаға әсер ететін факторлар алдын-ала анықталып, ескеріледі.

              Төртіншіден, жоспар құрылып мақсат міндеттері анықталғаннан кейін бағдарламалар әзірленіп, нақты іс-ірекетке көшу басталады. 

              Бесіншіден, орындалған іс-әрекеттің нәтижесі шығарылады. Семестр сайын жекелеген бөлімшелердің есептерін талдау арқылы бөлімшелер қызметінің тиімділігі туралы қорытындылар жүргізіледі. Талдау кезінде берілген мәліметтер бөлімшелер қызметін түзету үшін қолданылады. 

  Алтыншыдан, колледж басшылығы  басқарушылық ықпал жасайды (қорытынды, түзету, шешім шығару, нұсқаулық дайындау және т.б.). Еңбек нарығында мамандықтың сұранысының төмендеуі, бәсекеге қабілетті емес мамандардың болуы, кадр әлеуетінің сәйкессіздігі, материалдық-техникалық ресурстардың жеткіліксіздігі мен сәйкессіздігі, білім алушылар контингентінің, үдеріс барысында сан мен сапаның, білім көрсеткішінің төмендеуі сияқты потенциалды тәуекелдерді анықтап, талдайды, бағалайды. 

Колледж қызметін жетілдіру аясында құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері   көрсетілген қызметтің сапасын семестр сайын бақылап, алынған ақпарат сараланады.

 Колледжде басқару бірлігі үдеріс болып саналады, бөлімшелердің ішкі ережелерінен көрі бірнеше бөлімдерді қамтитын толық бизнес-үдерістер басым болып табылады. 

 Үдеріс арқылы басқару талапкерлерді қабылдау, оқу, тәрбие, әдістемелік жұмыстарды, оқу-өндірістік іс тәжірибелерді жүргізу барысында байқалады. 

 Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің моделін басқару үдерісі:

І. Жоғары басшылық үрдістері:

1. Стратегиялық жоспарлау – колледж директоры;

2. Жедел басқару - колледж директоры;

ІІ. Негізгі үрдістер:

1.Кәсіптік бағдар беру жұмысы. Түлектерді қабылдау және контингентті құру   - қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;

2.Материалдық ресурстарды жоспарлау және сатып алулар – бас есепші және есепші;

3.Ғылыми-әдістемелік жұмыс – әдіскер; 

4. Оқу үрдісі – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;

5.Практика және әлеуметтік серіктестік – директордың  оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары;

6.Тәрбие және әлеуметтендіру – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

7.Түлектерді жұмысқа жұмысқа орналастыру – директордың  оқу өндірістік  жұмыстары жөніндегі орынбасары;

ІІІ. Қосымша үрдістер:

1. Персоналды басқару және іс-қағаздарын жүргізу – КБ инспекторы;

2. Ақпараттық-кітапханалық қамсыздандыру – кітапхана меңгерушісі;

3. Инфрақұрылымды басқару – шаруашылық меңгерушісі. 


Колледж үдерісі «Талапкер»  – «Білім алушы»  – «Бітіруші түлек» бағыты бойынша іске асырылады. «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» (ҚР Үкіметінің 19.01.2012 ж №130 қаулысымен бекітілген) негізінде  талапкердің құжаттары рәсімделеді. Ол құжаттар талапкер қабылдау емтиханына өтіп, оқуға қабылданған кейін «Студенттер бөліміне» беріліп, білім алушы оқуын тәмамдағанға дейін сақталады. «Талапкер» бағыты бойынша құжаттар қабылдау емтиханын тапсыру, конкурсқа жіберу, оқушылар қатарына қабылдау, оқу топтарына бөлу үдерістері бойынша жүргізіледі. Талапкерді қабылдау құжаттары: жеке іс парағы, қабылдау емтиханы мен конкурсқа жіберу ведомосі, оқушылар қатарына қабылдау және оқу топтарына бөлу бұйрықтарынан тұрады.

«Білім алушы» бағыты оқу орнында оқу, тәрбие, оқу өндірістік іс-тәжірибе, шығармашылық жұмыстар, ғылыми ізденістер, түрлі іс шараларға қатысу, аралық аттестаттау, қорытынды аттестаттау, ағымдағы бақылау сияқты үдерістерден өтеді. 

«Білім алушы» құжаттары:  үлгерім кітапшасы, оқырман билеті, студенттік билет;

«Оқу үдерісі» құжаттары: үлгілік бағдарламалар, оқу жұмыс жоспары, сабақ кестесі, факультатив кестесі, сынақ-емтихан ведомосі, білім алушылардың қозғалысы жөнінде бұйрықтар, оқу жүктемесі; оқу журналы

 «Тәрбие үдерісі» құжаттары: оқу топтарына тәлімгер тағайындау туралы бұйрықтар, оқушылар туралы мәліметтер, тәрбие жоспары, іс-шаралар талдамасы, Ішкі тәртіп Ережесі;

«Әдістемелік үдеріс» құжаттары: оқу әдістемелік жоспар, хаттамалары, «Жас маман» мектебі жоспары хаттамалары, озық тәжірибе мектебі, апталықтар, ашық сабақтар, семинарлар, ғылыми конференция (жоба), сайыс, байқау талдамалары мен анықтамалары, оқытушылардың сандық және сапалық құрамы, пән бірлестіктерінің жоспары мен есебі, оқу-әдістемелік кешендер, баспа материалдары, және т.б.

«Оқу өндірістік іс тәжірибе» құжаттары: келісім-шарттар, оқу өндірістік іс тәжірибе жөнінде нұсқаулық, іс-тәжірибе жетекшісін тағайындау жөнінде бұйрықтар. Барлық құжаттар колледж қызмет еткен уақыттан бастап барлық мерзімі аралығындағы құжаттар мұрағатта сақталған. Архивариусқа өткізу-қабылдау актісі арқылы рәсімделіп, тапсырылады.

   Кәсіпорындардың, мекемелердің өкілдері, білім алушылар және ата-аналар жұртшылығының өкілдері дауыс беру құқығын иелену арқылы педагогикалық кеңеске мүше бола алады және өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіре алады. Бұл колледж қызметінің сапа мәдениетін әрі қарай дамытуға ықпал етеді.