» » » ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

 Колледжде хабарландыру мен кері байланысқа мән берілуде.  Оқу орнының қызметі туралы колледж сайтында, буклеттерде, газеттер мен журналдарда, стендте және жол көрсеткіште, ақпараттық киоскіде, әлеуметтік желілерде көрсетілген. Колледж жаңалықтары, алға қойған мақсаттары, іс-шара жөнінде хабарландырулар,  өткізілген іс-шаралар үнемі жаңартылып, сайтқа, әлеуметтік желілерге орналастырылады.

Студенттер өз білімдерін, дағдыларын, базалық және кәсіптік құзіреттілігін бағалау нәтижелері туралы ақпаратты топ тәлімгерінен, пән оқытушысынан, оқу бөлімінен, сайттан ала алады. 

Колледжде   «Мониторинг орталығы» құрылымдық бөлімшесі құрылып, білім алушылардың білім сапасының көрсеткішін, студенттердің ғылыми-ізденушілік, тәрбиелік жұмыстар бойынша рейтингісін, оқытушылардың рейтингісін семестр қорытындысы бойынша сайтқа енгізіп тұруды жоспарлауда. Сондай-ақ, сайт арқылы сабақ кестесі, педагогикалық практикадан өту кестесі, колледждің әлеуметтік серіктестері, түлектердің жұмысқа орналасуының деңгейі сияқты ақпараттарды да алуға болатын жұмыстар жоспарлануда. 

Оқыту нәтижелерін бағалаудың ашықтығын  қамтамасыз ету мақсатында электронды журналды оқу үрдісіне енгізу жоспарлануда.

Кері байланыс барлық мүдделі тұлғалардың пікірін, ұсынысы мен сұранысын анықтау мақсатында жүзеге асырылады: мысалы, студент оқу үдерісі барысындағы табыстары жайлы әлеуметтік желі арқылы алады. 

 Колледжде көбінесе білім алушының қажеттілігін қанағаттандыру мәселесі жолға қойылған. Оқушылар оқу үлгеріміне, оқу ақысына, отбасы жағдайына, басқа мамандыққа, басқа оқу орнына, сырттай бөлімге ауысу сияқты түрлі себептермен  оқу бөліміне өтініш білдіріп келеді. Кері байланыс шеңберінде алынған ұсыныстар мен ақпарттың қандай үлесін қолданғанын білу үшін оқу бөлімінде «Студенттердің арыз-шағымдарын тіркеу» кері байланыс журналы арналған.  

Студенттер, қызметкерлер мен барлық мүдделі тұлғаларды ақпараттандыру үшін, колледж өмірінен хабардар ету мақсатында сайт іске қосылды. Сайтта колледж тарихы, кездесулер, әлеуметтік серіктестік, оқу, тәрбие және өндірістік тәжірибе үдерісі, апталықтар, ашық сабақтар, үйірмелер, ғылыми жұмыстар, оқытушы мен  студент жетістігі, оқу үлгерімі т.б. ақпараттар жарияланып, ай сайын жаңартылып отырады,   Сайттың өзектілігі сонда,  студенттер сабақ кестесін, тапсырмаларды, оқу үлгерімінің нәтижесін талапкерлер керекті құжаттар мен қабылдау емтиханының тізімін, қорытындысын, қабылдау конкурсы нәтижесін, ата-ана баласының оқу үлгерімін, сабаққа қатысу көрсеткіштерін, жетістіктерін көре алады.

Барлық мүдделі тұлғалардан сауалнамалар, блогтар, шағым кітапшасы және т.б. түрінде кері байланыс орнату мақсатында  сайт   іске қосылды. Кері байланыстың нәтижелері  ескеріліп, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдары стратегиялық жоспарға енгізіледі.

 Колледж әкімішілігі педагог кадрлардың өзін-өзі дамыту, инновациялық тәртіппен жұмыс істеуіне деген қызығушылықтарын туғызатын жағдайларды жасауға тырысады.

Колледжде басшылық педагогикалық ұжымның, қызметкерлердің, студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін сауалнама арқылы анықтайды.

Алынған ақпараттың нәтижесінде басқару жүйесінің сәйкессіздіктер себептері және қанағаттану дәрежесі анықталып, талданады, қызмет бағыттарына сәйкес жоспарларын түзету бойынша шешімдер қабылдайды. 

Колледж қызметін жетілдіру аясында құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері   көрсетілген қызметтің сапасын бақылап, алынған ақпарат сараланады. 

Колледж әкімшілігі жұмыс сапасын арттыруға арналған ұсыныстарды жинау, білім алушылардың өтініштерін қарастыру мақсатында жұмыстар жүргізеді. Ол үшін бірінші қабатта және жатақхана ғимаратында   студенттердің ұсынысына арналған сенім жәшігі орналасқан. Студенттердің барлық ұсыныстары қарастырылып, қорытынды шығарылады, студенттерден алынған сауалнама жауаптары арқылы колледждегі жұмыстарды жақсарту мақсатында уақытында шешім қабылданады. Колледж әкімшілігі жылына екі рет жатақхана тұрғындарымен жиналыс өткізеді. Студенттердің қажеттіліктері сұралып, қанағаттандырылады. Жыл барысында барлық топтарда колледж директорының қатысуымен директорлық сағат өткізіледі.  Студенттермен ашық әңгіме жүргізіліп, сұраныстар мен ұсыныстар қанағаттандыру мақсатында талқыланып, іске асырылады.