» » » Өндірістік машықтану

Өндірістік машықтану

Сырдария аграрлы - техникалық колледжінің ІІ курс , 1504000  - Ферма шаруашылығы мамандығы бойынша  дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алушылары қазіргі таңда өндірістік машықтануда. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа иновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Білімгерлер өздері таңдаған мамандықтардың кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуда. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірбиені  үйлестіруде өндірістік машықтанудың маңызы зор.