КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ - МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ НЕГІЗІ! Сырдария ауданы N 191 орта мектебінде "Мамандықтың бәрі бар, таңдап, талғап, бірін ал!" атты дөңгелек үстел өтті.
КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ - МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ НЕГІЗІ! Сырдария ауданы N 191 орта мектебінде "Мамандықтың бәрі бар, таңдап, талғап, бірін ал!" атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Сырдария аграрлы- техникалық колледжінен директордың оқу - өндірістік жұмыстары жөнінде орынбасары Ш.Баяханова , колледж әдіскері М.Мығымбаева, өндірістік оқу шебері Б.Ахметов және оқу орындарынан түрлі маман иелері қатысты. Іс-шарада мектеп басшысы білім беру ұйымында кәсіптік бағдар беру жұмыстары бітіруші сынып қана емес, ерте бастан жүргізілу керектігін , оқушылардың бейініне сәйкес болашақтағы мамандығын саналы түрде таңдауына ата-аналардың да жауапты екенін айтты. Шарада колледж директорының оқу - өндірістік жұмыстары жөнінде орынбасары Ш.Баяханова колледж тарихы, жетістіктер және кәсіби бағдар беру жұмыстарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңы қызу талас-тартысты сұрақ-жауаптар арқылы ашық әңгіме болды


