» » » Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде бүгін 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай «Наурыз-жыл басы!» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді

Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде бүгін 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай «Наурыз-жыл басы!» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді

Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде бүгін 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай  «Наурыз-жыл басы!» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. 
   Мақсаты:Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. 
Шара барысында өскелең жас ұрпаққа «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық салт - дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттап, жас буынды өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деген дана қазақ.Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып келіп жеткен  дәстүрімізге  айналған  Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз құтты  болсын! 
Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
 Іс-шарада студенттер  көңілді ән шырқап, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында театрландырылған көріністер қойылды. Ұстаздар мен топ студенттері  бірлесе ұйымдастырылған іс-шара өз дәрежесінде өтті.