» » » КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңестің комиссия  отырысы өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевтың  төрағалығымен  өткізілген комиссия отырысына  кеңес мүшелері,  жергілікті орган басшылары, кент және ауыл әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. 
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Сонымен қатар колледж директорының   тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Искакова "Колледж студенттерімен  дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтау мақсатында атқарылған жұмыстары" жөнінде хабарлама жасады.