» » » Сырдария аграрлы - техникалық колледжі кітапхана оқу залында «Абай дана-Абай дара қазақта»тақырыбында Аудио кітап көрмесі ұйымдастырылды

Сырдария аграрлы - техникалық колледжі кітапхана оқу залында «Абай дана-Абай дара қазақта»тақырыбында Аудио кітап көрмесі ұйымдастырылды

  Сырдария аграрлы - техникалық колледжі кітапхана оқу залында «Абай дана-Абай дара қазақта»тақырыбында Аудио кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аудио кітап«Абай жолы» роман-эпопеясының 8 дыбыстық дискіге жазылған толық нұсқасы,80сағатты.Кітапханашы студенттерге таныстырды бірінші кітап дыбыстық дискідегі:Қайтқанда.Қат-қабатта.Жолда.Шытырманда.Бел-белесте.Өрде.Қияда.Компьютерден тыңдалды.
      ХХІ ғасыр – инновация заманы, заман көшінен қалмау үшін жаңа технологияларды жан-жақты меңгере отырып, М. Әуезовтің көркемдік құндылығы жоғары, әлемдік әдеби үрдіске енетін, туындыға қойылар шарт пен талапқа толығымен жауап беретін ең таңдаулы классикалық көркем шығармаларын жаңа заман талабына сай әлемдік әдеби кеңестікте кеңінен таратып, насихаттау, оқырманға таныстыру қолжетімді болғанда ғана ұлттық рухани құндылықтарды жаңаша танытудың бірден-бір жолы, көрсеткіші, негізгі бағыты болары сөзсіз. Мұхтар Әуезов-шығармалары ұлттық шеңберден шығандап,әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор болып қосылған ұлы суреткер.Жазушы есімін әлемге әйгілі еткен- «Абай жолы» романэпопеясы. 
      «Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп,әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам,көркемдік қуат әкелген үздік туынды.Ұлы суреткер өзінің эпопеяында қазақ халқын,оның тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін терең танытып,барша қырынан ашып көрсетеді.Қазақтың кемеңгер ұлы Абай бейнесін,оның шығармашылық және қайраткерлік тұлғасын өзгеше даралықпен сомдайды.Автор алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай»,одан соң оның жалғасы «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұрады) романын жазды.Бірінші кітабы 1942,екіншісі 1947,үшіншісі 1952,төртінші кітабы 1956 жылдары жарыққа шықты.Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) берілді. «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ең жоғары марапат-Лениндік сыйлық (1959) берілді.