Бүгін Сырдария аграрлы-техникалық колледж студенттері ер балалары аудандық полиция бөліміне экскурсия жасады
Бүгін Сырдария аграрлы-техникалық колледж студенттері ер балалары аудандық полиция бөліміне экскурсия жасады.Аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен құқық бұзушылық және топтық төбелестің алдын алу мақсатында.
Аталған экскурсия барысында құқық бұзушылықтың алдын алу және топтық төбелестің соңы неге әкеп соғатынын және қандай болатындығын жеткізу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудандық полиция бөлімінің ғимаратында орналасқан уақытша ұстау абақтысы көрсетіліп, студенттер мен оқушыларға қылмыс жасаса соңы неге әкеп соғатыны ескертілді.
Мұнан соң аранйы Қызылорда қалалық полиция бөлімінің инспектор психологы, полиция капитаны Ақнұр Сапарова семинар өткізіп, жасөспірімдерді мейірімді болуға шақырды. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов және АПб-нің ЖПҚб-ның КТІЖ-дегі УПИ-ры полиция лейтенанты Ақдаулет Созақбаев пен полиция аға лейтенанты Айгерім Коштаева студенттерге үлкен сенім артылатынын айтып, ата-аналары мен ұстаздарының сөзіне құлақ асудың маңызыдылығын жеткізді.
Студенттер мен кездесу соңында қандай әсер алғандарын жеткізді.



