«Ел мен ердің жемісі» атты 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс шара
Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Тәжібаев Айдостың ұйымдастаруымен «Ел мен ердің жемісі» атты 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс шара болып өтті. Оқушыларға Ұлы Жеңіс соғысы жайлы толық мәлімет беру, патриоттық рухы жоғары ағалардың ерлігін үлгі ету. Ұлы Отан соғысы туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы түсінік беру; туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру; ата - бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі - өнеге тұту; елжандылыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Мерекелік іс- шарамызға Сырдария аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкері Кеңесбаев Жалғасбек Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Искакова Айсұлу қатысты.Шара барысында Қазақстан Республикасының әнұраны мен басталды. Мәдени шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске түсіріп, құрметтеді. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары сөз алып Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік деп аяқтады.
Студенттеріміз үшін берері мол тағылымды іс-шаралар аясында патриоттық өлеңдер оқылды, әндер айтылды
Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихы айтылды.Отанымыздың адал патриоты болыңдар деген тілек білдірді. Ардагерлерді құрметтеу – біздің басты мақсатымыз.







