"АИТВ/ЖИТС-тің ҚР, облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары"
"АИТВ/ЖИТС-тің ҚР, облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары"
Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде студент жастармен кездесу болып өтті.
Кездесуге Сырдария аудандық емханасының АИТВ-ЖИТС мәселелері бойынша кабинетінің дәрігері Оразбаева Ақжарқын қатысты.
Кездесу барысында А.Оразбаева "АИТВ/ЖИТС-тің алдын - алу, сақтану жолдары" тақырыбында лекциялар оқыды. Студенттерге слайдтар, бейнероликтер көрсету арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақшалар таратты. Жастар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Жастарды жат әдеттерден бойын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.


