» » » Жаратылыстану ғажайыптары атты пәндер апталығының ашылуы

Жаратылыстану ғажайыптары атты пәндер апталығының ашылуы

Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде Жаратылыстану пәндер апталығы өтуде. "Жаратылыстану ғажайыптары" атты   пәндер апталығының мақсаты - студенттерге  қазіргі таңдағы ғылымның дамуы және ғылымның өмірмен байланысы туралы мағлұмат бере отырып студенттерге пәнге деген қызығушылығын арттыру;   студенттердің  шығармашылық қабілеттерін дамыту,ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; өз Отанының табиғатын қорғай білуге  бағыт беру , табиғатты қорғау шараларына белсенді араласу дағыдаларын қалыптастыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 

Жүргізуші АШМ-22-61 оқу тобының студенті Асылжан жаратылыстану апталығында  барлық ғылымдардың ішіндегі ең-ең қызық болып табылатын пән иелерін  ортаға шақырып, таныстырып өтті.  Әр пән өкілдері  жас достарға арнап лебіздерін білдірді.  Сонымен қатар   физика, химия, биология, математика , информатика пәндері бойынша қызықты деректер айтылды. Соңында физика пәнінің оқытушысы Марина Жумабаева студенттерге  хабарлама жасап,  апталыққа белсене қатысуға шақырып, сәттілік тіледі.