» » » «Термодинамиканың І заңы» тақырыбындағы ашық сабақ

«Термодинамиканың І заңы» тақырыбындағы ашық сабақ

Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде физика пәнінің оқытушысы Жумабаева Марина Абдировна  «Термодинамиканың І заңы» тақырыбында І курс студенттеріне ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты - термодинамиканың бірінші заңын тұжырымдау, термодинамиканың бірінші заңына, деңгейлік есептер шығару. 

Сабақ өте жоғары деңгейде өткізілді. Студенттер сабаққа өте белсене қатысты, яғни пән бойынша білімдерінің жетік екенін көрсете білді.  Сабақ барысында бірнеше әдістер қолданды. Әсіресе «Сократ» әдісін қолдану барысында студенттер Термодинамиканың І заңының анықтамасын тұжырымдай алды. Сабақ өз   мақсатына жетті.