"Химия-қызықты ғылым" атты тәжірибелер алаңы
Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде "Жаратылыстану - ғажайыптары" атты апталығының кезекті күнінде химия және биология пәнінің оқытушысы Раймкулова Рахима Сайфадиновнаның ұйымдастыруымен "Химия-қызықты ғылым" атты тәжірибелер алаңын ұйымдастырды. Мақсаты - жалпы химия пәні бойынша алынған білімдерін жинақтау, жүйелеу, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылығын арттыру, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрістерін кеңінен дамыту, білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.
Тәжірибе барысында қолдағы реактивтермен студенттерге "жанбайтын орамал, вулкан, сілтілік жер металдарының сумен реакциясы" көрсетілді. Сілтілік жер металдарының сумен реакциясы көрсетілгенде қосымша сутектің жануы және реакция жылдамдығына температураның әсері көрсетілді. Тәжірибе барысы өте қызықты өтті, студенттер мұқият тыңдап ,қосымша сұрақтар арқылы танымдылық деңгейлерін көтерді.





