"Кім жылдам" атты математикалық сайыс
Сырдария аграрлы- техникалық колледжінде математика пәні бойынша "Кім жылдам" атты математикалық сайыс өткізілді. Мақсаты - студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сайысқа І курс студенттерінен құралған екі команда қатысты. Нәтижесінде 21 ұпаймен 61 топ студенттерінен құралған "Алғырлар" тобы жеңіске жетті. Сайыс өте тартысты, әрі қызықты өтті.





