» » » Өз тәжірибесімен бөлісті.

Өз тәжірибесімен бөлісті.

Облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 
қолданылатын  әдіс - тәсілдер" атты онлайн- вебинар өткізілді.  Осы онлайн - вебинарда колледждің   тәжірибелі  ұстазы,  физика пәні оқытушысы Жумабаева Марина Абдировна  "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын  дамытудағы оқытудың белсенді әдіс - тәсілдері"  тақырыбында  іс- тәжірибемен бөліскені үшін сертификатталды.  Вебинар барысында  функционалдық сауаттылық түсінігін, тұлғаның ең басты функциялық сапаларын, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін  физика пәнінің кез келген тақырыбының мазмұнына жалпы білім беру дағдылары мен дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды енгізу қажеттілігін айтып  өтті.  Сонымен қатар  оқу процесінде қолданылатын түрлі әдіс- тәсілдермен таныстырып, сол әдістерді қолдану барысында нәтижесімен бөлісті.