«Қауіпсіз интернет» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Сырдария аграрлы – техникалық колледжінде 4 сәуір – Халықаралық интернет күніне орай «Қауіпсіз интернет» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дебат өткізілді.
Мақсаты – студенттер арасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты (интернет-қызметтерде) ересек қолданушылардың жауапкершілігін арттыру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Колледж студентеріне интернет ресурстарын қолдану жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргілсе , келесі күні топ студенттеріне «Интернеттің пайдасы», «Интернеттің зияны» тақырыбында дебат өткізілді. Дебат барысында бір жақ интернетті жақтаса, екінші тарап интернеттің зияны жөнінде айтты.
Пікірталас шарттары ІV кезеңнен тұрады:
І. Интернет туралы қысқаша шолу, (слайд арқылы тарихына, пайда болу кезеңдеріне, қазақстандағы танымал сайттарға тоқталу.)
ІІ. Командалар жеребе арқылы тақырыпты таңдау.
ІІІ. "Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны
ІV. «Мақал – сөз мәйегі» Бұл бөлімде топтар бір - біріне информатикаға байланысты аударылған мақалдар айтады, екінші топ сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек
Соңында екі тарапта «Кез-келген нәрсенің екі жағы болады, жақсы да жаман да. Бірақ біз соның жақсылығын алып, жамандығын ысыруымыз керек. Яғни интернетті өз қажеттілігімізге қарай пайдалы, маңызды ақпараттарды пайдаланып, қажет емес ақпараттарды ажырата білуіміз керек, яғни шек қоя білуіміз керек» - деген шешімге тоқталды.