"Кәсіптік білім берудегі интеграциялық үрдістердің күшею жағдайын жаңғырту" тақырыбындағы облыстық семинар
24 мамыр 2023 жылы Қазалы Көлік-техникалық Жоғары Колледжіндегі "Кәсіптік білім берудегі интеграциялық үрдістердің күшею жағдайын жаңғырту" тақырыбындағы облыстық семинарға Сырдария аграрлы – техникалық колледж директоры Қожахметов Д.С, директордың оқу- өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Баяханова Ш.С және колледж әдіскері Мығымбаева М.М қатысып келді.
Семинардың мақсаты - дуалды оқыту жүйесімен қатар, колледжді қамқорлыққа алған кәсіпорындар, индустриальдық және қамқоршылық кеңестің жұмыстары, түлектердің жұмысқа орналасуы мен халықаралық серіктестіктердегі кәсіптік білім берудің интеграциялық үрдістерін күшею жағдайын жаңғырту.
Семинар барысында колледждің жаңа заманға сай жабдықталған материалдық – техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен, шеберханаларымен таныстырып, "Жас маман" құзіреттілік орталықтарына экскурсия жасалды.
Сонымен қатар Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіндегі қамқорлыққа алған серіктес кәсіпорын «Қамқор Локомотив» ЖШС «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалына экскурсия және Қазалы белгі беру байланыс дистанциясы ШЧ-40 әлеуметтік серіктес мекеменің өндіріс тынысымен таныстырды.
Кәсіптік білім берудегі интеграциялық үрдістер туралы, дуалды оқытуды дамыту туралы тәжірибе алмасып, тың мәліметтермен толықтырылды.
Семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.



