» » КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

Колледж 1969 жылдан бастап аудан шаруашылығына қажетті мамандар даярлаумен айналысты.   Колледжде Қ.Р еңбегі сіңген мұғалім С.Алданазаров, Республикалық кәсіптік білім беру жүйесінің үздіктері Қазантаев, М.Тұрғанбаев, Қ.Сқақ, Ж.Әмзеев, соғыс ардагерлері Қ.Байсалбаев, Е.Нұрымов, Ө.Алыбаев Қ.Сағындықов, М.Мәмбетов қызмет атқарды. Колледж түлектері М.Дүзімбетов, Ы.Өкшебаева, Ж.Ерташов, К.Қарашаев, Р.Тайманов, Ж.Ысқақова, Р.Қарашаева, С.Байдаулетов есімдерімен мақтанады.

      Сырдария аграрлы-техникалық колледжі облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының шешіміне сәйкес Жалағаш ауданының Аққұм совхозындағы СПТУ-10 құрылыс училищесі Тереңөзек ауданына берілуіне байланысты 1969 жылы бұрынғы ХХI съезі атындағы совхоздың орталығына көшіп келіп орналасты. Оқу орны 1976 жылдан типтік жобамен салынған ғимаратта жұмыс жасайды. Онда оқу корпусы, шеберханалар блогы, жылу қазандығы, асхана жүйесі, спорт, АКТ залдары және тағы басқа да қосымша жайлары, сыртқы спорт алаңдары, мал шаруашылық шағын фермасы бар. 

1969-1970 оқу жылы училищенің алғашқы директоры Алматы ауыл шаруашылық   институтының агрономия факультетін бітірген Есмағанбетов Танабай болды. 

  • Осы жылы училищеде мамандық беретін 7 топта 150 оқушы білім алды. Олардың 25-і Башкирия,Украинадан келген оқушылар еді. 
  • 1972-1973 оқу жылынан бастап училище ,негізінен механизатор мамандарын дайындауға көшіп, оқушы саны 300-ге жетті. 
  • СПТУ-88 бұл орында 1976 жылға дейін болып осы жылы Тереңөзек поселкесінің орталығындағы типтік үлгіде салынған училище корпусына көшті.Училищеде 500 оқушы ауыл шаруашылығы жұмыстарының механизаторы мамандығы бойынша білім алды. 
  • 1977 жылдан 1985 жылға дейін кәсіптік-техникалық мектептің директоры болып Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім Алданазаров Сақыбек қызмет етті. 
  • 1985-1989 жылдары Татанов Қуаныш басқарды. 
  • 1989-1999 жылдары училищеге Балмағанбетов Сражадин басшылық жасады. 
  • 1999-2011 жылдары кәсіптік лицейді Үдербаев Ғафур басқарды.
  • Қазіргі таңда колледж директоры қызметін Қожахметов Дархан Сейдалыұлы атқаруда.
  • 2009 жылы №10 кәсіптік лицей болып қайта құрылды
  • 2012 жылы Сырдария аграрлы-техникалық колледжі болып қайта құрылды. 


Білім беру қызметімен айналысу 2014 жылдың 3 сәуірдегі  14004595 нөмірлі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің мемлекеттік лицензиясымен жүзеге асырылды.

Колледждің басты мақсаты – өз саласындағы біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, ауданды мамандармен қамтамасыз ету  облыстың аграрлы-техникалық және экономикалық тұрғыда өркендеуіне үлес қосу.

Колледждің миссиясы: бәсекеге қабілетті білімді жастарды даярлау және экономика саласын қажетті мамандармен қамтамасыз етуді қанағаттандыру. 


Мамандықтар бойынша мемлекеттік стандарт талаптарына сай пәндерді оқыту мен оқу-әдістемелік және бағдарламалық-әдістемелік   тұрғыда қамтамасыз етуді 4 пәндік циклдік комиссия  атқарады. Олар:

  • Гуманитарлық бағыттағы бірлестік
  • Жаратылыстану бағыттағы бірлестік
  • Арнаулы және жалпы техникалық пәндер бірлестігі
  • Өндірістік оқу шеберлерінің әдістемелік бірлестігі

Колледжде аграрлы-техникалық  саласы   бойынша 8 мамандық 25 біліктілік негізінде мамандар даярлануда.          Қазіргі заманғы аудиториялар мен кабинеттер, интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар, кітапхана және оқу залы, оқу шеберханалары, спорт залы бар. Колледж  оқушылары  заман талабына сай жаңа техникамен жабдықталған зертханаларда тәжірибелік жұмыстар жүргізеді.

Студенттер контингенті - 2020-2021 оқу жылында 162 студент білім алуда, оның ішінде 115 студент мемлекеттік тапсырыс  негізде, 47 студент нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізде білім алуда. Барлығы мемлекеттік тілде оқиды.