» » «Сырдария аграрлы - техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Сырдария аграрлы - техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Сырдария аграрлы - техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оқу ғимараты  3 қабаттан тұрады. Колледждің оқу ғимараты  450 орындық, арнаулы пәндер кабинеті – 6,  жалпы білім беретін кабинеттер – 11,  информатика кабинеті – 1, интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген кабинет – 4. Шеберханалар: тігін шеберханасы – 12 орындық, слесарлық ісі шеберханасы – 30 орындық , автомобиль және трактор лабораториясы және аспазшы мамандығы бойынша лабораториясы бар. Сонымен бірге 1 кітапхана,  26 орындық оқу залы, 120 орындық акт залы, типтік спорт зал, 1 спорт алаңы,              1 әскери даярлық алаңы бар. 


Оқу орны 1976 жылдан типтік жобамен салынған ғимаратта жұмыс жасайды. Онда оқу корпусы, шеберханалар блогы, жылу қазандығы, асхана жүйесі, спорт, АКТ залдары және сыртқы спорт алаңдары бар. 

Колледжіміз жаңа заманға сай соңғы  үлгідегі Аргоно-сварка, жартылай автоматтандырылған 250А маркалы сварка, Трактор МТЗ 82-1, косилка, пресс-подборщик ПТ-165М, автомашина ГAЗ 330900 ,аспалы соқа-ПЛН-3-35, прицеп АЗ-8524, автотренажер,   4 интерактивті тақта және мультимедиялы интерактивті дисплеймен қамтамасыз етілді