» » Колледж академиялық дербестікке көшті

Колледж академиялық дербестікке көшті

Колледж академиялық дербестікке ие болды

          2022-2023 оу жылынан бастап Сырдария аграрлы-техникалық колледжі  академиялық дербестік алды. Биылғы оқу жылынан бастап біз білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзіміз анықтап, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлаймыз.  Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындаған кезде колледждер типтік жоспарларға қарай жұмыс істейтін еді және олардың мазмұнын тек 50%-ға дейін өзгерте алатын. Енді олар жаңа тенденциялар мен нарық талаптарына сай жұмыс жүргізе алады. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде колледждер оқытудың әртүрлі технологияларын, нысандарын, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау әдістерін өздері таңдай алады. Осылайша, білім беру бағдарламалары жастарға қажетті дағдыларды игеруге және қысқа мерзімде жұмысқа тұруға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қайта оралып, басқа да қосымша біліктіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұранысына бейімделуге бағытталған. ТжКБ жүйесі мамандарды жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес даярлайды. Сонымен қатар ТжКБ ұйымдарының оқыту мерзімдерінде өзгерістер бар. Енді олар нақты білім беру бағдарламасына және сұранысқа сай оқу нәтижелеріне байланысты болады. Бұрын оқу мерзімі орташа есеппен 2 жылдан 4 жылға дейін болса, енді колледждер мамандықтың күрделілігі мен оқу нәтижелерін ескере отырып, білім беру мерзімін өз бетінше анықтайтын болады.
 
 
       Заман дамыған сайын кейбір мамандықтарға деген сұраныс төмендейді. Бұл колледждердің білім беру бағдарламасына өзгеріс енгізуді қажет етеді. Сол себепті, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі   заман талабына сай маман даярлауды қолға алды. 

        Колледжде 2022-2023 оқу жылында қабылданған үш мамандық бойынша академиялық дербестік берілген. Бүгінгі білім берудің өтпелі кезеңінің талабына сәйкес «Сырдария аграрлы техникалық колледжі» КМҚК да өзінің алдына жаңа міндеттер қойып, оны неғұрлым үйлесімді шешуге ұмтылыс жасауда.

Қазіргі таңда College SmartNation - техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталы арқылы  келісім шарт жасалып, колледжде оқу процесі осы портал арқылы жүзеге асуда. 

КЕАҚ (коммерциялық емес акционерлік қоғам) Талап техникалық және кәсіптік білімге  kasipkor.kz  сайтына дәнекерлеу ісі, ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану,  токарь ісі мамандықтары бойынша  жұмыс оқу жоспары  орналастырылды.

        Бұрын жеке-жеке оқытылған техник-механик, электргазымен дәнекерлеуші мамандықтары бүгінде бір мамандықтың аясына топтастырылды. Сондай-ақ, аспаздықпен қоса, кондитер мамандығы қоса оқытылады да, студент бір дипломның иесі болып шығады. Бұл да – колледждерге енгізілген жаңашылдықтың бірі болып отыр.

         Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша колледждерге академиялық дербестік берілді. Бұрын түрлі біліктіліктер бойынша оқыту мерзімдерінің қатаң регламенті болатын. Яғни, оқу 2 жылдан 4 жылға дейін жалғасатын. Өткен жылы бұл ереже «Білім туралы» Заңнан алынып тасталған. Бүгінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін айқындайды. Бұл теория мен практика арасындағы алшақтықты жояды, сонымен қатар, кәсіпорындар жаңартуды қажет ететін кадрларды ауыстыруға мүмкіндік алады. Арнаулы білім берудегі оң өзгерістердің бастамасы осылар.

         Биылғы жылдың жаңалығы – жұмыс берушілердің қатысуымен сараптамадан өткен білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.

        Бұл бағытта министрліктің колледждерге де академиялық дербестік беру мәселесін көтеріп, оның аясында көптеген маңызды мәселелерді шешуге күш салуы өте орынды бастама деп бағалауға болады. Кәсіптік білім беру саласының дамуына ықпал ететін тағы бір маңызды жайт – қаржыландыру мәселесі. Осыған дейін жергілікті жердегі білім басқармалары өз аймақтарындағы колледждерде қанша маман қабылданатынын белгілеп, министрлікке жіберетін. Өз кезегінде министрлік білім басқармалары жіберген ұсынысы негізінде мемлекеттік оқу орындарын қаржыландыратын-ды. Алдағы уақытта кәсіптік-техникалық оқу орындарын қаржыландыру ісі қаралып жатыр. Яғни қандай да бір кәсіптік мамандық меңгергісі келген жастар мемлекеттің арнайы грантын жеңіп алғаннан кейін, сол мамандық бойынша терең білім беретін колледжде білім алу мүмкіндігіне ие болады. Қаржыландырудың бұл жүйесі енгізілісе, еліміздегі кәсіптік-техникалық мамандар даярлайтын оқу орындары арасында әділ бәсекелестік пайда болып, орта буынды оқу орындардың бәрі білікті маман дайындауға баса мән беретін болады.