» » Құттықтау!

Құттықтау!

Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 мамыр күні, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі базасында «WorldSkills-2021» Ұлттық чемпионатының Республикалық кезеңіне қатысушыларды іріктеу мақсатында, санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионат өткізілді. 

Аймақтық іріктеу байқауды Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі Дурманов Бағдәулет Дербісәліұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Облыстық чемпионатқа Қызылорда қаласы және аудандардан барлығы 9 білім алушы қатысты. 

Чемпионат барысында білім алушылар 3 модуль бойынша сайысқа түсті. 

Модуль 1: Эскиздеу (сурет салу);

Модуль 2: Әйелдер жилетін және белдемше тігу

Модуль 3: Муляж

Аймақтық чемпионатты 9 сарапшы бағалады. Бас сарапшы болу мәртебесі колледжіміздің өндірістік оқу шебері Қожақова Алтын Астрахановнаға берілді.  

Байқау қорытындысы бойынша колледжіміздің студенті Раппазадаева Кәмшат Қонысбекқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

«Worldskills -2021» ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңде жүлделі орын алған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!