» » Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қарттар күні аясында және ұстаздар күні қарсаңында Сырдария аграрлы- техникалық колледжінде көптеген жылдар бойы қызмет жасап,зейнетке шыққан қадірлі де ұлағатты зейнеткер қарт ұстаз мұғалімдермен кездесу өтті. Студенттер өнерін тамашалап, кәсіподақ тарапынан қарт ұстаздарға құрмет көрсетіп, кішігірім сыйлықтар табысталды.