» » «Қазақстан-егемен елім» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

«Қазақстан-егемен елім» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде «Қазақстан-егемен елім» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты - студенттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Осы мақсатта Республика күніне арнап 1-курс студенті Қоныс Асылжанның патроиттық арнауынан басталды. Шараға барлық студенттер белсене араласты. Бейнероликтер көрсетіліп, ән шырқалды.