» » 15- қараша «Жұмыс беруші күніне» арналған мерекелік шар

15- қараша «Жұмыс беруші күніне» арналған мерекелік шар

Сырдария аграрлы - техникалық колледжінде 15- қараша «Жұмыс беруші күніне»  арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. 

        Мақсаты -  «Жұмыс беруші күні» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ТжКБ) кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау. Қонаққа    ардагер ұстаз   Әмірбеков Байырбек , «Шаған -Жер» ЖШС директоры Сыздыков Женисбек Шакимбаевич, Сырдария аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімше директоры  Дузумбетов Ерсултан Болатович және аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің тілшісі Ордабеков Балтабай келді.  

        Колледж директоры Қожахметов Дархан Сейдалұлы жұмыс беруші мекеме басшыларын құттықтап, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ - АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ   А.АЙМАҒАМБЕТОВТЫҢ    АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапаттап, жұмыстарына сәттілік тіледі.    

         Колледждің ардагер ұстазы Әмірбеков Байырбек   жұмыс беруші мекеме басшыларын мерекесімен құттықтап тілегін білдірді.  

          Білікті маман қай жерде де абырой-беделге ие болып,  мол қаражат  таба  алады.   Осылайша  өз мамандығының жеңісін жемісін көрген  «Шаған -Жер» ЖШС директоры Сыздыков Женисбек Шакимбаевич  студенттер практика өту барысында өздерінің білім мен біліктілігін көрсете алғанын айтып, ұжымға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. 

         Колледждің өндірістік оқу шебері Кожахова Алтын Астрахановна студенттерге   өз мамандықтарыңды танып білуде еңбектенуден жалықпау қажеттігін айтып өтті.

          Бітіруші түлегі, студенттік парламент жетекшісі ІІІ курс студенті Ибрагимов Мадияр ауылшаруашылық мамандығы бойынша білім алып жатқанын мақтан тұтатын және болашақта еліміздің ауылшаруашылық саласы дамуына өз үлесін қосатынын айтып өтті. 

         Студенттерге сергіту ретінде "Ең жақсы ойыны" ойнатылды. Студенттердің жұмысын насихаттау мақсатында көрме ұйымдастырылды.