» » КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

Сырдария аграрлы -техникалық колледжінің өндірістік оқу шеберлері Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы 147 мектепке  кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Яғни сол мектепте оқитын қыз балалармен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының қыр сырын меңгеріп, еңбегінің жемісін көріп отырған Кожахова Алтын  қыздарды оқуға шақырды. Мамандықты толық меңгертіп, жақсы нәтижеге жеткізе алатынына сендірді. Қыз балалар мамандық туралы, колледж туралы көкейлерінде  жүрген сұрақтарын қойып,  қызығушылықтарын білдірді.