Хабарландыру
«Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді төменде көрсетілген мамандықтарға мемлекеттік грант негізінде ақысыз білім алуға шақырамыз! 9 сынып негізінде: 1. Мамандығы: 07161600- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» Біліктілігі: 3W07161603-«Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист- машинисі» 2. Мамандығы: 07150500 – «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) Біліктілігі: 3W07150501 – «Электргазымен дәнекерлеуші» 3. Мамандығы: 07230100- "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" Біліктілігі: 3W07230102- "Арнайы тігінші" 3W07230104- "Киім конструкторы" 4. Мамандығы: 08110500- "Зоотехния" Біліктілігі: 3W08110502- "Мал шаруашылығы шебері" Мекен жайымыз: Ғ.Мұратбаев көшесі 95/А.