» » Кожахова Алтын Астрахановна министрлік ұсынған наградаға ұсынылады.

Кожахова Алтын Астрахановна министрлік ұсынған наградаға ұсынылады.


Тегі,аты, әкесінің аты: Кожахова Алтын Астрахановна 

2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:  Сырдария ауданы, өндірістік оқу шебері, Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері.

 Білімі:  Жоғары, 

1. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты (1991ж),   мамандығы – «Инженер-технолог» УВ № 663323

2. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (2003 ж), мамандығы – «Инженер-педагог. Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп бұйымдарын дайындау процестері технологиясының оқытушысы» ЖБ 0342803

Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және  

марапатталған уақыты:

  1. Сырдария ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ауданның 90 жылдық мерекелік төс белгісі, куәлік № 672 – 2018 ж
  2. Республикалық www.bilim-gylym.kz басылымының «Педагогика саласының үздігі» төс белгісі және алғыс хаты – 2019 ж
  3. Колледждің өндірістік оқу шебері Кожахова Алтын Астрахановна Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың " Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын   білім беру ұйымдарының  педагогтері арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021" атты республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін арнайы І дәрежелі дипломмен  және Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021"  төсбелгісімен марапатталып, куәлігі берілді.  Нұр –Сұлтан,2021 жыл. 


Біліктілік санаты: - ЖОҒАРЫ .   Өндірістік оқу шеберінің жоғары біліктілік санаты 

13.07.2018 ж Бұйрық №05-1/4524(Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығы  өндірістік оқу шебері және арнайы пән оқытушысы бойынша педагог- шебер санатына)


Кожахова Алтын Астрахановна  1995 жылдан бері Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде 30 жыл тігін өндірісі мамандығы бойынша үздіксіз өндірістік оқу шебері және арнайы пән оқытушы қызметін атқаруда. Қазіргі таңда   білім алушылары  осы саланы жетік меңгеріп, мектептерде технология пәнінің оқытушылары, кәсіпкерлік саласында қызмет жасауда.

Өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, әріптестер арасында сыйлы, беделді маман, сонымен қатар өндірістік оқу сабақтарын жетік білумен оқушыларға сабақ барысында тиянақты білім беруге тырысады. 

   Оқушылардан мамандығына сәйкес кәсіби дағдылары мен қасиеттердің қалыптасуына көңіл бөледі. Оқушылардың кәсіптік шеберлігі мен шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ерекше назар аударады. Өндірістік оқу шебері ретінде де өзі жетекшілік ететін оқу тобының сабақ үлгірімі мен тәрбиелік жұмыс қорытындысының нәтижелері жақсы. Колледждің қоғамдық өміріне белсене араласып салауатты өмір салтын насихаттау, бүгінгі өмір талаптарына байланысты тәрбиелік шараларды өткізуде ақыл-кеңес беріп отырады. Тәжірибелі маман Кожахова Алтын оқушылар мен әріптестер арасында жарасымды       қарым-қатынаста. 


Алғыс пен марапаттаулардың болуы

  1. 2018 ж Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасарының ұстаздар арасында «Мен  - есірткісіз өмірді насихаттаймын» тақырыбында дипломмен марапатталды.  
  2. 2019 жылы Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақыптың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне алғыспен марапатталды . 
  3. 2019 жылы «Қазақстанның үздік тауары - 2019» өңірлік көрме байқауында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысының алғысымен марапатталды.            
  4. 2020 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Есқалиеваның Құрмет грамотасымен марапатталды. 
  5. 2020 жылы Covid-19»  қауіпті індетте ауданда өршігерде онымен күрес жүргізіп, халықтың амандығы мен игілігі үшін атқарған еңбегі үшін аудан әкімі Т.Дүйсебаевтың алғысымен  марапатталды. 
  6. 2021 жылы Білім беру жүйесіндегі көп жылғы адам еңбегі және қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы төрайымы А.Мұқашеваның Құрмет грамотасымен марапатталды.

Оқытушы  жетістіктер: 

  1. 2018 жылы  - Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткен мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдердің  VIII «Жүрек жылуы» облыстық өнер фестивалінің  дипломымен марапатталды. 
  2.  2018 жылы - Республикалық танымдық – ақпараттық, оқу – әдістемелік «Кәсіптік білім көкжиегі» газетінің редакциялық алқасының марапатымен марапатталды.   
  3. 2018 жылы - Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасарының ұстаздар арасында «Мен- есірткісіз өмірді насихаттаймын» тақырыбында дипломмен  марапатталды. 
  4. 2019 жылы  -  «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақыптың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне Алғыспен марапатталды.  
  5. 2019 жылы  - Республикалық www.bilim-gylym.kz басылымының «Педагогика саласының үздігі»    I дәрежелі диплом марапатталды.   
  6. «WORLDSKILLS»   ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ облыстық кезеңінде 2020 жыл, 2021 жыл, 2022 жыл үш жыл қатарынан    колледжіміздің өндірістік оқу шебері  Қожақова Алтын Астрахановнаға БАС САРАПШЫ  болу мәртебесі берілді 
  7. Білім алушылардың   жетістіктері: 
  8. 2018 жылы- Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткен мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдердің   VIII «Жүрек жылуы» облыстық өнер фестивалінда көркем сөз наминациясы бойынша      II орын    Студент Жәнібек Диана  
  9. 2019 жыл - «WorldSkills Kyzylorda 2019» облыстық іріктеу кезеңі байқауында «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша белсене қатысқаны үшін Алғыс - Студент Жаппарова Гүлсая   
  10. 2019ж - «Отандық өнімдерді өндірудегі артықшылықтар мен кемшіліктер» тақырыбында облыстық ғылыми-теориялық конференцияда «Жас Отан» Жастар қанаты филиалы төрағасының II дәрежелі дипломы- Студент Раппазадаева Камшат 
  11. «WORLDSKILLS -2021»   ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ облыстық кезеңінен    колледжіміздің студенті Раппазадаева Кәмшат Қонысбекқызы  өндірістік оқу шебері Қожахова Алтын Астраханованың жетекшілігімен   жүлделі ІІІ орынды иеленді. 
  12. «Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және маркетингтік іс – шаралардың жүзеге асырылуы» атты облыстық   ғылыми- теориялық конференциясы ІІІ орын   алған студенті  Дарушхан  Гүлдерай 
  13. «WORLDSKILLS -2023»  ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ облыстық кезеңінен    колледжіміздің студенті Хамитова Айымжан өндірістік оқу шебері Қожахова Алтын Астраханованың жетекшілігімен  жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

Педагогикалық және ғылыми тәжірибені жинақтау, тарату, пайдалану

  1. №10 19.02.2017         «Кәсіптік білім көкжиегі» Республикалық ақпараттық-танымдық, оқу-әдістемелік басылым           А Кожахова   «Үздік мамандар байқауы» 
  2. №3-4 (181) 31.01.2017         «Ұлағат ұясы» Республикалық ақпараттық танымдық басылым            А.Кожахова   «Мамандығым - мақтанышым» 
  3. 2018 жыл       Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай жазылған таңдаулы мақалалар жинағы          А.Кожахова   Бір бешпентім бар еді дүриядан 26.06.2018 ж 
  4. №2 23.01.2018 жыл  «Кәсіптік білім көкжиегі» Республикалық ақпараттық-танымдық, оқу-әдістемелік басылым           А.Кожахова   «Мамандығым - мақтанышым» 
  5. №20 (56) 17. 10.2018 жыл   «Кәсіптік білім көкжиегі» Республикалық ақпараттық-танымдық, оқу-әдістемелік басылым    А.Кожахова   Пәндік – тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL) 
  6. №21-22 (199)  22.10.2018 жыл        «Ұлағат ұясы» Республикалық ақпараттық танымдық басылым        А.Кожахова   Пәндік – тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL): қадамнан қадамға
  7. 2019 жыл       «Ұлағат ұясы» Республикалық ақпараттық танымдық басылым А.КожаховаСенің өміріңдегі ең маңызды шешімің – мамандық таңдау.
  8. 2018 жылы-«Өрлеу»біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  Ғылыми кеңесінің шешімі хаттама№2маусым 2018 жыл. «Тігінші мамандығы бойынша өндірістік оқу сабағында инновациялық тәсілдерді пайдалану» тақырыбында әдістемелік құрал
  9. №10 (8117) 5.02.2019 жыл «Тіршілік тынысы» аудандық газеті   А.Кожахова          Рухани жанғыру. Бір бешпентім бар еді дүриядан
  10. № 3 (87) 5.02.2020    «Кәсіптік білім көкжиегі» Республикалық ақпараттық-танымдық, оқу-әдістемелік басылым           А.Кожахова   МАмандық таңдай білу – ең маңызды шешім
  11. №10 (296)      «Ұстаз мәртебесі» Республикалық қоғамдық – әлеуметтік, ғылыми-көпшілік газеті Өміріңдегі ем маңызды шешім – мамандық таңдау. 
  12. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынылған «Сән технологиясы» оқулығының авторы